Samsung Galaxy S25 Edge жаңа смартфоны қашан шығатыны белгілі болды

Жарияланды 12 Мамыр 2025 15:04

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Sаmsung Galaxy S25 Edge қашан шығатыны белгілі болды / фото: Written by GizNews in All News, Phonesм

13 мамыр күні Samsung компаниясы Galaxy S25 Edge жаңа смартфонын таныстырады.

Samsung Galaxy S25 Edge – жұқа дизайнымен ерекшеленеді. Қалыңдығы небәрі 5,85 мм болатын смартфон 6,7 дюймдік дисплеймен жабдықталған. Samsung бұл модель «камера жағынан бұрын-соңды болмаған сапа ұсынады» деп отыр.

Жаңа құрылғыда Qualcomm Snapdragon 8 Elite чипі, 12 ГБ жедел жад, және 256 не 512 ГБ ішкі жад қарастырылған.

Сондай-ақ құрылғы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бірқатар смарт-функциялармен жабдықталады. Galaxy S25 Edge – жұқа дизайн, озық камера және AI мүмкіндіктерін біріктірген болашақтың құрылғысы болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Samsung компаниясы жаңа Galaxy S25, S25+ және S25 Ultra смартфондар сериясын таныстырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз