Анара Батырхан тәлпіш емес, харизмасы бар әнші екенін айтты (видео)

Жарияланды 14 Мамыр 2025 16:01

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Анара Батырхан қылжақ қылғандарға жүні жығылмайтынын көрсетті /
aridai music
Анара Батырхан қылжақ қылғандарға жүні жығылмайтынын көрсетті / aridai music

Анара Батырхан өзінің харизмасын жұрт тәлпіштік деп бағалайтынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, жұрт оның өнерін дұрыс түсінбей жүр екен.

«Менің темпараментіммен, харизмаммен Америкада туылуым керек еді. Харизмамды көбі түсінбейді. «Ой, тәлпіш», «анау-мынау» дейді», – деп шағымданды әнші Іntelligentno Qu бағдарламасында.

Артынша Анара Батырхан ағылшын тілінде ән салып, америкалық әншілерге еліктеп, сахнада тұрып, ырғақты қимыл-қозғалыс жасады.

Алайда, әріптестері әншінің бұл қылығын құптамады.

«Америкалықтар «құдай сақтасын, өздеріңде жүре берсінші!» деп кері қайтаратын шығар», – деп әзілдеді.

Анара Батырхан қылжақ қылғандарға жүні жығылмайтынын көрсетті. Үнді әндерін орындап, көрермендерді күлкіге қарық қылды.  

Мұның алдында Токиода домбыраны күмбірлете тартатын жапон жігіті тұратыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз