
2025 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Chery бренді Қазақстандағы қытайлық автокөліктер нарығында көшбасшы орнын сақтап қалды. Осы уақыт ішінде 4 531 көлік сатылса, оның 1 434-і сәуір айында иесін тапқан.
Chery-дің бұл табысы брендтің Қазақстандағы тұрақты танымалдығын дәлелдейді:
– 2023 жылы 12 мыңнан астам,
– 2024 жылы 14,8 мың қазақстандық Chery-ді таңдаған.
Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында елде 66 мыңнан астам жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылған. Оның 25 554-і – қытайлық маркалар, ал олардың шамамен 18%-ын Chery құрады, бұл жалпы нарықтағы бренд үлесін 7%-ға жақындатады.
Chery Tiggo 7 жаңартылды
Сәуір айының соңында Chery Kazakhstan компаниясы өзінің жаңартылған флагмандық Tiggo 7 моделін таныстырды. Кроссовер визуалды және технологиялық тұрғыдан жаңарып, анағұрлым заманауи әрі спорттық сипатқа ие болды.
Негізгі ерекшеліктері:
- Жаңа радиатор торы мен LED шамдар (Tiggo 8 Pro үлгісінен алынған)
- 19 дюймдік титанды дискілер, ерекше дизайндағы фаралар
- Габариттері: ұзындығы – 4 553 мм, ені – 1 862 мм, биіктігі – 1 696 мм
- 1.6 литрлік турбомотор (150 а.к., 275 Нм айналу моменті)
- 7 сатылы роботталған DCT трансмиссия
- Интеллектуалды толық жетек жүйесі (2WD / 4WD режимдері)
Бұл үлгі тығыз қалалық қозғалысқа бейімделген, әрі барлық жол жағдайларына икемді кроссовер ретінде ұсынылып отыр.
Айта кетейік, жаңартылған Chery Tiggo 7 модельі Қазақстан нарығында сатыла бастады. Екінші буындағы Chery Tiggo 7 2019 жылы прототип ретінде жарық көріп, 2020 жылы нарыққа шыққан болатын. Содан бері кроссовер бірнеше рет редизайннан өтті.
Сондай-ақ, Chery модельдік қатарындағы ең үлкен көлік — жаңа гибридті Tiggo 9L кроссоверін таныстырды. Дизайн және техникалық сипаттамасымен ерекшеленетін жаңа флагман Шанхай автосалонында көрсетілді.