
Бүгін 21 мамыр түнде футболсүйер қауымды ерекше матч күтіп отыр – «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» УЕФА Еуропа Лигасының финалында өзара мықтыны анықтайды. Тарихи дода Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан Мамес» аренасында өтеді.
Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Матч 23:50-де басталады.
Екі клубтың да финалға дейінгі жолы оңай болмады. Англия премьер-лигасының өкілдері жартылай финалда сенімді ойын көрсетіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Бұл екі команда Еуропа Лигасының финалында алғаш рет жолығып отыр. Алайда екеуінің де Еуропа аренасында тәжірибесі мол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Манчестер Юнайтед футбол клубы әлемдегі ең үлкен стадион салатынын мәлімдеген. Аталмыш стадионның сәулетшісі кезінде Астанадағы Ханшатыр жобасын әзірлеген еді.