
Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Финалдық кезеңде отандық былғары қолғап шеберлері 12 салмақ дәрежесінің барлығында жеңіске жетіп, алтын медаль еншіледі.
Чемпион атанған спортшылар тізімі:
- Айым Танкибаева (48 келіге дейін)
- Сила Биболсынқызы (50 келіге дейін)
- Рахмина Абдумежитова (52 келіге дейін)
- Жанель Имантаева (54 келіге дейін)
- Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін)
- Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін)
- Алина Құдайгенова (63 келіге дейін)
- Ақбота Есімбекова (66 келіге дейін)
- Мария Сидоренко (70 келіге дейін)
- Зарина Толыбай (75 келіге дейін)
- Құралай Егінбайқызы (81 келіге дейін)
- Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары)
Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия құрлығының ең мықты командасы атанып, ел намысын абыроймен қорғады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы дзюдодан әлем чемпиондары атанған еді.