Toyota Crown-ның Maybach стиліндегі ерекше нұсқасы шығарылды

Жарияланды 24 Мамыр 2025 13:07

Еңлік Нұрболат

Еңлік Нұрболат

автор
toyota crown
Жаңа Toyota Crown-ның ерекшелігі неде? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Жапондық Toyota компаниясы Crown седанының 70 жылдық мерейтойына арналған арнайы нұсқасын ұсынды.

Crown 70th Anniversary Edition атауын алған бұл саны шектеулі үлгі Жапония нарығына ғана шығарылады. Оны тек тапсырыс беру арқылы сатып алуға болады. Автомобильдің басты ерекшелігі – сыртқы дизайны. Авто екі түс нұсқада ұсынылады. Ал сәндік элементтері Maybach үлгілеріне ұқсас жасалған.

Модель тарихы және арнайы нұсқаның шығарылу себебі

Toyota Crown – жапондық автокомпанияның ғұмыры ең ұзақ модельдерінің бірі. Алғаш рет 1955 жылы шығарылып, содан бері 16 буын жаңартудан өтті. 70 жыл бойы Crown Жапониядағы өкілдік классындағы автомобиль ретінде қабылданып келеді. Қазіргі таңда Crown тек седан ғана емес, бірнеше түрлі кузовтағы модельдерден тұратын жеке серия. Алайда дәл осы седан түрі мерейтойлық нұсқамен жаңартылды.

Дизайн: премиум-класс үлгісіндегі стиль

Crown 70th Anniversary Edition моделінің басты ерекшелігі – кузовының екі түсті болуында. Жоғарғы бөлігі күміс түсті болса, ал төменгі бөлігі ақ немесе қара інжу түсте жасалады. Мұндай түстес шешімдер Mercedes-Maybach үлгілеріне ұқсайды, дегенмен Toyota бұған тікелей сілтеме жасамайды.

Сыртқы дизайнын қою қара түсті дискілер толықтырып тұр. Сондай-ақ, клиенттің сұранысы бойынша, «The 70th» логотипі бар сұр жолақтар бүйір жағына жабыстырылуы мүмкін. Салонның ішкі көрінісі ағашпен әрленген, ал арнайы нұсқа екендігін білдіретін белгілер аспаптар панелінде, беріліс қорабының тетігінде және кілтінде бар. Бұл эмблемалар лазерлік гравировка әдісімен жасалған.

Техникалық негізі және нұсқалары

Мерейтойлық нұсқа артқы жетекке негізделген TNGA-L платформасында құрастырылған. Crown-ның басқа модельдерінің басым бөлігі көлденең орналасқан қозғалтқышы бар TNGA-K платформасында жасалған.

Сатып алушыларға гибридті HEV жүйесімен (яғни, тоқ көзінен зарядтау мүмкіндігінсіз) немесе су сутегімен жүретін нұсқаны таңдау мүмкіндігі беріледі. Соңғысы Toyota Mirai үлгісіндегі технологияны қолданады. Бұл модельдер тек Жапония нарығына арналған, басқа елдерге экспортталмайды. Жапонияда седанның бастапқы бағасы — 7 550 000 иен (шамамен 4,1 миллион теңге).

Шектеулі серия – Matte Metal

Мерейтойлық үлгімен қатар, Toyota Crown Limited Matte Metal атты тағы бір лимиттелген нұсқасын ұсынды. Бұл көлік күңгірт сұр түске боялған және бағасы сәл жоғары – 8 100 000 иен (шамамен 25 920 000 теңге). Ол да тек Жапония нарығына арналған және шектеулі мөлшерде шығарылады.

Бүгінгі Toyota Crown

Қазіргі таңда Crown – әртүрлі кузов түріндегі бірнеше модельден тұратын серия. Олардың қатарында кроссоверлер де бар. Бұл Toyota-ның тұтынушылар талабына бейімделуге тырысып жатқанын көрсетеді. Соған қарамастан, Crown седаны әлі де модельдің флагманы болып қала береді.

Артқы жетек, жайлы әрі жұмсақ жүрісі мен дәстүрлі жапон стилі арқылы Toyota Crown орта және жоғары класс арасындағы сегментте өзіндік орнын сақтап отыр. Мерейтойлық нұсқа осы ұзақ жолдың бір белесі іспетті.

Бұған дейін, биыл Toyota Motor Corp. Пайдасы 21%-ға төмендеуі мүмкін деген болжамын жариялаған еді. Оған Құрама шаттардың тарифтерді арттыруы, шикізат бағасының қымбаттауы мен валюта бағамдарының құбылуы себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз