Бублик әлемнің ең мықты теннисшісінен жеңілді

Жарияланды 4 Маусым 2025 21:08

(жаңартылды 5 Маусым 2025 08:56)
Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Александр Бублик Roland Garros турнирінің жартылай финалына шыға алмады / фото: REUTERS/Denis Balibouse
Александр Бублик Roland Garros турнирінің жартылай финалына шыға алмады / фото: REUTERS/Denis Balibouse

Қазақстанның бірінші теннисшісі Александр Бублик Франция ашық біріншілігінің (Roland Garros ) жартылай финалына өте алмады. Ол ширек финалда Янник Синнерге есе жіберді.

Roland Garros турнирінің ширек финалындағы матч бар болғаны үш сетке созылды. Александр Бублик әлемнің ең мықты теннисшісі Янник Синнерге айтарлықтай қарсылық көрсете алған жоқ. Ойын 6:1, 7:5, 6:0 есебімен аяқталды.

Осылайша Франция ашық біріншілігінде Қазақстаннан жалғыз спортшы қалды. 4 маусымда Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға өткен еді. Ширек финалда Данилина/Крунич жұбы 5 маусымда Таунсенд/Синякова жұбынан басым түскен.

Сондай-ақ оқыңыз