
ChatGPT қолданушылар санын миллиард адамға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы OpenAI-дің қосымшалар жөніндегі болашақ жетекшісі Фиджи Симо мәлімдеді, деп жазды Bloomberg.
«Қазір ChatGPT-ді жүздеген миллион адам қолданады, дей тұрғанмен жасанды интеллект әр адамның өмірін өзгертуі керек. Біз қолданушылар санын миллиард адамға жеткізуіміз керек», – деді Парижде өткен VivaTech саммитінде онлайн қосылған Симо.
Симоның айтуынша, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы қолданбалар жасанды интеллект агенттері мен құрылғыларына деген сұранысты арттырады.
Айта кетейік, бұған дейін ChatGPT пайдаланушылары чат-бот жұмысында ақау шыққаны хабарланды.