
Ұлттық банктің хабарлауынша, 2025 жылғы мамыр айында Қазақстанда инфляция деңгейі 11,3%-ға жетті. Ақша құнсызданып, тауардың қымбаттау көрсеткіші сәуірде 10,7% болған.
Қадағалаушы мекеме жылдық инфляция республиканың 16 өңірінде өскенін, үш өңірде баяулап, бір өңірде бұрынғы деңгейде сақталғанын анықтады.
Алматы қаласында инфляция көрсеткіші 13% болды.
Мамыр айында азық-түлік тауарлары 9,6%-ға дейін көтерілді. Сәуірде мұндай көрсеткіш 8,5% болған. Әсіресе Ақмола облысында (11,4%) азық-түлік қатты қымбаттады. Алматы қаласында (8%) айтарлықтай қымбат.
Биыл мамырда азық-түлікке жатпайтын басқа да тауар бағасы 9%-ға көтерілген. Әсіресе Түркістан облысында (14,2%) тауар қымбат. Павлодар облысында (5,4%) аса қымбат емес.
Ақылы қызметтердің бағасы да 16%-ға дейін өсті. Сәуірде 15,7% болған. Қызмет көрсету құны Алматы қаласында (22,5%) өте қымбат. Алматы облысында (11,3%) айтарлықтай жоғары.
Бір ғана мамыр айында инфляция елде 0,9%-ға өсті.