82 жасында гидроцикл жүргізген әже қалай танымал болғанын айтты

Жарияланды 24 Маусым 2025 08:47

Абылайхан Өмірбай

Абылайхан Өмірбай

Автор
82 жасында гидроцикл жүргізген әже қалай танымал болғанын айтты / Фото: Shuttertsock

«Jibek Joly» арнасындағы «Бүгін.Live» бағдарламасына Алакөлде гидроцикл жүргізіп, әлеуметтік желіде танымал болған 82 жастағы зейнеткер Жадыра Жаниман сұхбат берді. Ол қалайша қорықпай су үстіндегі көлікке отырғанын айтып берді. 

«Жастайымнан әкем еркелетіп соғыстан келгенде атқа мінгізіп үйреткен. Финагент болып істеген райкомда. Сонымен маған велосипед алып берген. Бәрін көргенмін жастық шағымда. Одан кейін Алла бұйыртып тұрмысқа шықтым. Құдайдың берген 12 баласын өсірдім, соларды жеткіздім. Батыр ана болдым. Әрі жұмысыммен қабаттасып оларды тәрбиеледім әрі жұмыс істедім. Сонымен депутат болып та сайландым. Елдің халықтың көтермелеуімен өзімді бақытты санадым. Шетелдерге балалардың арқасында бардым зейнетке шыққасын. Мысырда судың астына түстім 8 метр тереңдікке. Онда да батыр атандым. Оның жанында гидроцикл не тұрады!? Маған ұнады. Көлдің үстінде айналып жүрген деген керемет екен. Өте керемет екен. Айдауға болады екен. Артымда бала телефонға түсіріп отырды, мен өзім айдап кете бердім. «Апа, айдауды қайдан білесіз?» деп сұрады менен», – деді Жадыра әже.

Зейнеткер қалайша танымал болғанын да айтып өтті.

«Ертеңінде көрдім. Қызымның телефонынан көрдім. «Апа сізді тиктокқа, инстаграмға салыпты, шығып кетіпсіз» деді. «Ойпырмай керемет екен» дедім. Гидроцикл айдағаным танымал болыпты. Осының бәрі балаларымның арқасы. Енді өзім үшін өмір сүріп жүрмін ғой. Қазақстанымыз гүлдене берсін»,  – деді әже.

Сондай-ақ оқыңыз