Ләйлә Сұлтанқызы Оксфордтағы қоғамдық ұйымнан шақырту алды

Жарияланды 24 Маусым 2025 15:22

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультетінен шақырту алды. Бұл жайлы ол өзінің парақшасына хабарлады.

«Осыдан бірнеше күн бұрын Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығыс зерттеулері факультетінің BIRSoz ұйымынан шақырту алдым. Бұйырса шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінің ауқымын арттырып, дәрежесін көтеруге атсалысу ойымда. Арнайы speaking club Speaking Club та ашсақ деймін», – деп жазды ол парақшасында.

BIRSoz (Oxford Birsoz Initiative CIC) — Оксфорд университетінде құрылған тәуелсіз қоғамдық ұйым, Түркітану және Орта Азияны зерттеуді қолдау мақсатында қызмет етеді.

Тележүргізушінің түсіндіруінше, Oxford Birsöz Initiative Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтымен бірлескен меморандум негізінде жүзеге асқан. Жоба аясында қазақ тілін халықаралық академиялық ортада зерттеу мен дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Ләйлә Сұлтанқызы және басқа да жүздеген блогерлерді кірісін жасырды деп айыптаған еді. Тележүргізуші барлық кіріс-шығысын ресми түрде жүргізетінін айтып, заң бұзушылық болғанын мойындаудан бас тартты.

Сондай-ақ оқыңыз