Forte Bank Home Credit банкті сатып алды

Жарияланды 27 Маусым 2025 09:44

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«ForteBank» АҚ Home Credit Bank-ты сатып алды. Қазақстан қор биржасына банктің 100% акциясын сатып алу туралы келісімге келгені жайлы ақпарат жариялады.

«ForteBank» АҚ (Қазақстандағы) «Home Credit Bank»
АҚ-тың акционерлерімен (Қазақстандағы) «Home Credit Bank» АҚ-тың 100%
акциясын сатып алу туралы түбегейлі келісімге келгенін хабарлайды», – деп жазылған хабарламада.

Банктің хабарлауынша, тараптар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Бәсекелестікті қорғау агенттігінің рұқсатын алғаннан кейін мәміле толық аяқталады. Әзірге қаржылай жай-жапсары белгісіз.

«ForteBank» хабарлауынша, екі банктің де клиенттеріне бұрынғыдай қызмет көрсетіледі, барлық шарттар күшінде қала береді. Ал банктердің міндеттемелері толық көлемде орындалады.

Forte Bank Қазақстандағы ең бай адамдардың жетілігіне кіретін Болат Өтемұратовқа тиесілі. Осы жылдың алғашқы үш айында 45,9 млрд теңге таза пайда тапты.

Home Credit Bank қазіргі таңда Чехияның ең бай әйелі, Рената Келлнероваға тиесілі PPF халықаралық тобына қарайды

Осы жылы көктемде Home Credit Bank-тің сатылатыны туралы ақпарат тараған еді. Бірақ банктің басқарма төрағасы Кирил Бачваров оны ресми түрде жоққа шығарған.

Сондай-ақ оқыңыз