Қазақстанда жылдық инфляция 11,8%-ға жетті

Жарияланды 1 Шілде 2025 17:53

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
инфляция
Қазақстанда инфляция тағы өсті / Фото: kursiv.media

2025 жылғы маусымда Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 11,8% болды. Бұл — мамырдағы 11,3%-дан жоғары. Яғни, елдегі баға өсімі бір ай ішінде тағы да үдеген.

Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, маусым айында тауар мен қызмет бағасы орта есеппен 0,8%-ға қымбаттаған.

Жыл ішінде ең қатты қымбаттаған – ақылы қызметтер. Бұл санатқа коммуналдық төлемдер, көлік, білім беру, денсаулық сақтау сияқты қызметтер кіреді. Маусымда олар 16,1%-ға өсті. Салыстыру үшін, мамырда бұл көрсеткіш 16% болған.

Азық-түлік бағасы да шарықтап барады. Маусымда олардың жылдық өсімі 10,6% болды (мамырда — 9,6%). Ал азық-түлік емес тауарлар (киім-кешек, тұрмыстық техника және т.б.) 9,4%-ға қымбаттады.

Республика бойынша жеті өңірде инфляция орташа деңгейден жоғары болған. Соның ішінде ең инфляция Алматы қаласында тіркелген – 13,8%. Ал Қарағанды облысында 13,5% болса, Астана қаласында 13,1%-ға жетті.

Халық бес жылдан бері табысының тең жарымын азық-түлікке жұмсап келеді.

Сондай-ақ оқыңыз