Сақтандыру компанияларының таза пайдасы екі есе қысқарған

Жарияланды 21 Қазан 2026 15:58

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Сақтандыру компаниялары қанша таза пайда тапты / Фото: shutterstock.

Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жалпы табысы артқанымен, таза пайдасы екі есе қысқарған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында сектордың таза пайдасы 88,7 млрд теңгені құрап, былтырғы 9 аймен салыстырғанда 53,6 пайызға азайды.

Есепті кезеңде сақтандырушылардың түсімі 24,9 пайызға ұлғайып, 1,59 трлн теңгеге жеткенімен, шығысы одан да жылдам қарқынмен өсіп, 1,49 трлн теңгеге жеттi.

Сектордағы кірістіліктің төмендеуіне өмірді сақтандыру ұйымдарының пайдасы 79,7 пайызға құлдырап, 14,3 млрд теңгені құрауы және жалпы сақтандыру компаниялары табысының 38,1 пайызға азайып, 73,5 млрд теңгеге дейін төмендеуі тікелей әсер етті.

Сонымен қатар сақтандыру резервтерін қалыптастыру шығыны екі есе өсіп, 587 млрд теңгені құраса, сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар 86,7 пайызға көбейіп, 250,8 млрд теңгеге жеттi.

Сектордағы мұндай қаржылық көрсеткіштер аясында реттеуші орган сақтандыру нарығын ауқымды реформа жүргізбек.

Алдағы уақытта клиенттердің жеке тәуекел деңгейін ескеретін тариф белгілеу жүйесі, зейнетақы аннуитеттерінің жаңа түрлері, мүлікті табиғи апаттардан сақтандыру және

Сақтандыру нарығында 25 компания жұмыс істесе, соның ішінде 10 компания өмірді сақтандырумен айналысады.

 Алдағы уақытта тұрғын үйлерді жер сілкінісінен міндетті сақтандыру енгізілмек. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасында жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз