Астанаға Marvel, «Джон Уик» және «Неудержимые» фильмдерінің актері келеді

Жарияланды 3 Шілде 2025 10:58

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Скотт Эдкинс Астанаға келеді
Скотт Эдкинс Астанаға келеді / фото: Comic Con Astana баспасөз қызметі

Биыл Орталық Азиядағы ең ірі мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2025 бұрын-соңды болмаған ауқымда өтпек. Ұйымдастырушылар үшінші голливудтық хедлайнердің есімін жариялады. Бұл аты аңызға айналған экшн актер, жауынгерлік өнер шебері Скотт Эдкинс.

Скотт Эдкинс жаһандық көрерменге Marvel, «Джон Уик 4», «Неудержимые 2», «Ультиматум Борна» сынды танымал блокбастерлердегі рөлдерімен танымал. Сондай-ақ аты аңызға айналған «Неоспоримый» франшизасындағы Юрий Бойка рөлімен миллиондаған жанкүйердің есінде қалған.

Актердің фильмографиясына «Доктор Стрэндж», «Люди Икс: Начало. Росомаха», «Универсальный солдат 4», «Преступник», «Ип Ман 4», «Цель номер один», «Розовая пантера», «Дневная смена», сондай-ақ «Мутанты Икс» телехикаясы кіреді.

Comic Con Astana 2025 фестивалі 9–13 шілде аралығында, алғаш рет екі ірі алаң – «Астана-Арена» және «Барыс-Арена» сахналарында өтеді. Биылғы фестиваль тарихта алғаш рет бірден үш голливудтық хедлайнерді ұсынбақ. Бұған дейін Энди Серкис пен Эсай Моралес қатысатынын жазған едік.

Сонымен қатар Comic Con алаңында Қазақстан мен Испанияның бірлескен алғашқы халықаралық кино жобасы – «Бітім» (La Tregua) фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл туынды әлемдік прокат пен Netflix платформасына арналған.

Сондай-ақ оқыңыз