Дженнифер Лопестің концертіне образ таңдағанда не нәрсеге мән беру керек?

Жарияланды 20 Шілде 2025 16:52

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Дженнифер Лопес Алматыға оққағар, биші, продсерлерімен бірге 100 адам болып келеді
Дженнифер Лопес концертіне дайындық /Фото: justjared

Тамызда белгілі поп-жұлдыз Jennifer Lopez Қазақстанға келе жатыр. Әнші әлемдік турнесіне біздің бір емес, екі қаламызды қосып, Алматы мен Астанада концерт береді. Дженнифердің есімі гламур, драйв, құмарлықпен синоним болып кеткелі қашан?! Ал оның өткізетін әр концерті жай музыка емес, энергия сыйлайтын, тыңдарманына сенімділік қосатын кешке ұласады. Мұндай деңгейдегі артистердің Қазақстанға келіп жатқаны – өз алдына бөлек тарихи оқиға. Олай болса, «билет қалтада, енді концертке не киіп барам?» деп отырсаңыз, Kursiv.Media тілшісі дайындаған гайдты назарыңызға ұсынамыз.

J.Lo концертінің атмосферасы: сахна құдіреті мен көрермен залының стилі үйлесетін жер

Поп-диваның бұған дейінгі концерттерін басқа елдерден көргендер, тым құрығанда интернеттен үзінділерін көргендер сахнада би, жарық, шоу-балет, жарқыл-жарқұл киімдер болатынын жақсы біледі. Өйткені бойында латын қаны бар әнші жүрген жерінде солай жандырып, жарқыратып жүргенді жақсы көреді. Ол айтатын әнді естігенде биге икемі жоқтардың өзі қалай билей жөнеле кеткенін байқамай қалады. Концертке жиналған тыңдарман бұдан жақсы хабардар. Кешке келгендер көрермен ғана емес, сол әлемнің бір бөлшегіне айналады. Сондықтан олар да жарқырайды, олар да шабыттанады. Демек, концертке іш пыстыратын look емес, ерекше образ киіп барған абзал.

Дженнифер Лопестің стилі: образдарды үйлестіріп көріңіз

Jennifer Lopez көп ішінде ерекшеленуден қорықпайтыны белгілі. Керісінше, елден айрықша болған сайын қуанады. Концертке барарда әншіге тән мына 5 бағыттың бірін таңдап, үйлестіріп образ құрастыруға болады.

БағытЭлементтері
Disco DivaПайеткілер, люрекс, күміс түсті әшекейлер, мини, биік тақалы аяқ-киім
Latina EnergyТырысып тұратын көйлек, жарқын түстер, иығы ашық топ не көйлектер
Urban GlamДжинсы + кроп + сырға-сақина + тақа немесе кросс
Boss BabeКостюм, ішінен ештеңе кимей сыртына пиджак іле салуға болады
2000s NostalgiaБандана, джуси-костюм, платформа, ерінге жылтыр далап жағып барыңыз

Бастан-аяқ образ құрастырып шығайық

Киім: өзіңізге сенімді, мықты адам екеніңізді көрсететін басты белгі киім екенін ұмытпаңыз

Концерттегі орныңызНе киіп баруға болады?
Фан-зона / би алаңыТоп, джинс, кроссовка, былғары күртеше
Партер / отыратын орынОйығы бар комбинезон + тақалы аяқ-киім
VIP-зонаМини-көйлек, корсетпен костюм, иығы ашық көйлек, жібек матадан киім, жылтырақтар

Берер кеңесіміз:

  • Джей Лоның стиліне үйлесетіні — ашық-шашық киім. Егер сіз ішіңізді, арқаңызды не иығыңызды ашып жүре алатын болсаңыз, онда концертке образды солай таңдауға болады. Ал енді ашық киім кигенде өзіңізді қолайсыз сезінетін болсаңыз, онда дұрысы жылтыр, бірақ жабық киініңіз. Өйткені бастысы — ұнамды, қонымды киіну керек.
  • Киімдеріңіз «ерекше + қарапайым» деген үйлесімге сай болсын. Мысалы мини кисеңіз, онда шашыңызды тым сәндемей, жай ғана буа салыңыз. Кроп-топ кием деп шешсеңіз, онда аяқ жағыңыз жабық болсын.

Аяқ-киім: сәнді, бірақ ыңғайлы болуы керек

Аяқ-киімҚай орынға қолайлы
Жылтыр кроссФан-зона, билейтін жер
Платформа аяқ-киімПартер жақ
Ботфорт / етікЕрекше әсер қалдырғыңыз келсе
Балетка, танкеткаКросс кигіңіз келмейді. Бірақ ыңғайлы аяқ-киім керек десеңіз

Аксессуарлар: уау-эффект жасайық

  • Сырға-сақина — Джей Лоның визит картасы осы екі бұйым
  • 2000-жылдардың стиліндегі көзәйнек  
  • Манжета-білезік, үлкен жүзік
  • Жылтыр мини-клатч, бауы темір қолсөмке

J.Lo стиліне сай болғыңыз келсе немесе макияж бен шашты қалай қыламыз?

Макияж: glow & bold

Қай жергене жағамыз
Бет терісінеТоник + праймер + жылтыратып тұратын тон
ЖаққаХайлайтер мен блашер крем
КөзгеЖылы түстер дұрыс: бронза, қоңыр, алтын; кірпік жабыстыруға болады
ЕрінгеКонтур мен жылтырақ. Карамель, нюд, латте түстерін таңдаған жөн

Концерт жазда өтетіндіктен, макияжыңыздың үстінен көпке дейін ұстап тұруға көмектесетін спрей себуді ұмытпаңыз. Әйтпесе, ыстықта, ұзақ уақыт өтетіндіктен мейк ағып кетуі мүмкін.

Шаш: көңіл-күй көрінісіне

  • Төбеге қап-қатты қылып қысып буып қоюға болады
  • Бір жаққа қарай қайырып, шашты ірі-ірі қылып бұйралауға болады
  • Үлкен қылып төбеге түйіп, көлемді сырға тағуға болады
  • Wet эффект жасап көруге болады

Кеңесіміз: Дәл концертке барар алдында бірінші рет жасап көрмей, оған дейін образды істеп көріңіз. Өйткені асыққанда макияж да, шаш та келіспей, көңіл-күйіңіз бұзылуы мүмкін. Бастысы, жасаған образыңызда өзіңізді сенімді сезінуіңіз керек.

Концертке дайындық

Кештен 3 күн бұрын:

  • Образға репетиция жасаңыз (Джей Лоның әндерін қосып, қосылып айтып, билеп көріңіз)
  • Сол күнгі ауа-райын қараңыз (жаңбыр жоқ па, жел болмай ма, неше градус дегендей)
  • Денеңізді дайындаңыз. Ол үшін скраб, май, теріні ылғалдандыратын кремдер жағып жүруіңіз керек.

Бір күн қалғанда:

  • Маникюр жасатыңыз (нюд, алтын, карамель түстер таңдауға болады)
  • Педикюр жасатыңыз. Әсіресе, алды ашық аяқ-киім киіп барам деп шешсеңіз.
  • Жеңіл тамақтар жеңіз (қорытылуы қиын не тым ащы тамақ ішіп, асқазаныңыз ауырып қалмасын)
  • Ұйқыны дұрыстаңыз. Жақсылап ұйқы қандырып алыңыз. Кем дегенде 7-8 сағат ұйықтап алуыңыз керек.

Дене бітіміңізге сай образдар таңдаңыз

1. Фигураңыз құмсағат сияқты болса:

  • Тырысып тұратын, ойығы бар көйлек киіп, беліне белдік тағып алуға болады

2. Алма сияқты болса:

  • V-ойықты, астыңғы жағы кең киімдер дұрыс. Иық пен аяққа акцент берсе болады

3. Алмұрт пішіндес болса:

  • Үстіңгі жаққа ақшыл түсті, көлемді топ киіп, астына палаццо шалбар не мини белдемше үйлестіруге болады.

4. Тік кеткен фигура болса:

  • Корсет, кимоно сияқты көйлек, ерекше принті бар киімдер дұрыс.

Эмоциялық дайындық қалай жүреді?

Бұған дейін айтқандай, сіз жай концертке бара жатқан жоқсыз. Сіз нағыз энергия кешіне барасыз. Ол жерде бәрі әдемі болып, жарқырап жүреді. J.Lo айтпақшы, «Being glamorous is not about looks — it’s about feeling powerful». Өзіңізге үңіліп, сол кеште қандай образ кигіңіз келетінін ойластырыңыз. Жарқырағаннан ұялмаңыз. Мейлі көпбалалы анасыз ба, бизнес-ледисіз бе, әлде томаға-тұйық қызсыз ба — образды ерекше қылып үйлестіруге болады.

Естелік болып қалсын деп: фото-видео түсіріңіз

  • Сахнаны да, өзіңізді де сыйғызу үшін кеңбұрышты камера ала барыңыз
  • Өзіңізді селфиге түсіргенде ғана телефонның жарқылдағын қосыңыз, видеоға керек емес
  • Камераны 0.5-пен түсіріңіз
  • Дірілдеген жүз видеодан, әдемі шыққан біреуі дұрыс

Өзіңіздің билеп, қосылып ән айтып, көңіл-күйіңіз керемет болып тұрған сәттерді түсіріп алыңыз. Ондай шынайы сәттер үнемі әдемі болып шығады. Кейін өзіңіз қараған кезде де жүрекке жылу сыйлайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Backstreet Boys: топтың Қазақстанға келе жатқанын не үшін тарихи сәт деуге болады» деген тақырыпта сараптама жариялаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз