Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиеваны Қарақат пен Қыдырәлі қалай ажырастыра жаздады

Жарияланды 29 Шілде 2025 18:42

(жаңартылды 30 Шілде 2025 09:55)
Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Тоқтар Серік Бейбіт Сейдуалиеваның көзінше алғашқы махаббатын көрсетуін құптамады / фото: instagram
Тоқтар Серік Бейбіт Сейдуалиеваның көзінше алғашқы махаббатын көрсетуін құптамады / фото: instagram

Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиеваны телехабар ажырастыруға шақ қалды. Бұған Тоқтар Серіктің алғашқы махаббаты себеп болды.

«Хабар» телеарнасы «Бенефис-шоу» бағдарламасы жұлдызды жұпты қатар отырғызып қойып, Тоқтар Серіктің мектеп қабырғасында жүрген қызын көрсетіп, оған арнап жазған махаббатқа толы өлеңі оқылды.

Тоқтар неден қорықты?

Танымал әншіге бұл жайт мүлде ұнамады. Оның алғашқы реакциясына қарағанда, телехабар Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуалиеваның шаңырағын шайқалтуы мүмкіндей көрінді. Тоқтар Серік қасындағы әйелінен қатты қысылды.

«Бізді ажырастырайын деп шақырдыңдар ма?» деп әзіл-шынын араластырып, наразылығын да білдіріп те үлгерді ол.

Бейбіт сыр бермеді

Десе де, Тоқтардың өзге қызға арнап жазған өлеңін тыңдаған кезде, Бейбіт Сейдуалиева сыр бермеді. Қызық болғандай көңілді түр танытты.

Тіпті, Бейбіт Сейдуалиева жүргізуші болып тұрған Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманға қызғанбайтынын айтып уәде берген көрінеді. Десе де, олардың дәйегі Тоқтар Серіктің көңілінен шықпағаны аңғарылды.

Әншінің ақталуы

«Арамызда айтарлықтай махаббат болып, ұзақ жүрмедік. Хат жазғаным рас. Тік мінез қыз еді. Екеуміз жараспадық», – деп ақталды әнші.

Сонымен қатар, Тоқтар Серік «мені қойшы, оның күйеуі түсінбей қалса, не болады?» деп, алғашқы махаббатының отбасы үшін де алаңдаушылық білдірді.

Мұның алдында Тоқтар Серік, Қарақат Әбілдина мен Мәулен Әшімбаевты не байланыстыратыны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз