Жанкүйерлер Дженнифер Лопес тұрып жатқан қонақүйді қоршап алды – видео

Жарияланды 1 Тамыз 2025 17:26

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Фанаты окружили отель Дженнифер Лопес в Астане
Дженнифер Лопес Астанаға келді/фото: видеодан скриншот

Дженнифер Лопестің жанкүйерлері әнші тұрып жатқан қонақүй маңына жиналды. Әлеуметтік желіде тараған видеоға сәйкес, азаматтар Джейломен бірге фотоға түсіп, тіпті «Қазақстан» шоколадын беріп үлгерген.

«Жанкүйерлер әншіні кіреберісте қол соғып күтіп алды. Әркім сол сәтті есте сақтап қалуға тырысты: бірі видео түсірді, бірі селфи жасауға тырысты», – делінген Астана – Что? Где? Когда? арнасында.

Айта кетейік, Дженнифер Лопес 1 шілдеге қараған түні Астанаға ұшып келді. Жұма күні ол Astana Arena стадионында концерт береді. Шоу J.Lo On The Floor туры аясында ұйымдастырылады.

Сондай-ақ оқыңыз