Калифорния төріндегі кездесу: Дулат Тастекей Марат Омаровқа шапан жапты

Жарияланды 7 Тамыз 2025 12:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дулат Тастекей Марат Омаровқа шапан жапты
Дулат Тастекей Марат Омаровқа шапан жапты / фото: instagram скрин

Калифорнияда белгілі әнші Марат Омаров пен кәсіпкер, Стэнфорд түлегі Дулат Тастекей жолығып, емен-жарқын әңгімелесті. Бұл туралы Марат Омаров өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

«Дулат Тастекей мырзамен Калифорниядағы жылы сұхбат», — деп жазды Марат Омаров.

Кездесу барысында Дулат Тастекей өнер иесіне құрмет ретінде қазақтың ұлттық шапанын жапты.

Айта кетейік, Дулат Тастекей шетелде білім алып, жақында ғана АҚШ-тың атақты Стэнфорд университетінде бизнес мектебін тәмамдаған.

Ал Марат Омаров соңғы бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрып, шығармашылығын сол жақта жалғастырып келеді. Бұған дейін ол «Welcome to America» атты ән шығарған еді.

Сондай-ақ оқыңыз