Дженнифер Лопестің концертіне байланысты Алматыда бірнеше көше жабылады

Жарияланды 8 Тамыз 2025 09:20

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
J.Lo
Дженнифер Лопестің концерті: бірнеше көше жабылады / фото: архив kursiv.media

10 тамыз күні Алматыда әлемге әйгілі поп жанрындағы әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Осыған байланысты қаланың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы сағат 16:00-ден бастап уақытша шектеледі. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Жабылатын жол учаскелері:

  • Байтұрсынов көшесі — Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
  • Сәтпаев көшесі — Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
  • Абай даңғылы — Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.

Қала ауқымды дайындық жүргізіп жатыр

Концерт Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іс-шараға полиция, әскери қызметкерлер, жеке күзет пен еріктілерден құралған 3 мыңға жуық адам жұмылдырылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін арнайы 50 автобус ұйымдастырылады. Сондай-ақ LED-экрандар мен бағыттаушы белгілер орнатылып, концертке келушілер үшін навигация қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ оқыңыз