Шахматшы Жансая Әбдімәлік сүйінші жаңалығын бөлісті

Жарияланды 9 Тамыз 2025 09:50

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Жансая Әбдімәлік жазба жариялады/фото: chessacademy.kz

Шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желідегі парақшасында фото жариялады. Ол жерде шахматшы сәби күтіп жүрген кезде түскен сәтін көрсеткен.

«Сен менің жүрегімнің астында жатқан кезде, мен әлі кездеспеген жанға үнсіз ғашық болдым», – деп жазды Әбдімәлік.

Айта кетейік, Әбдімәлік 2023 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриевке тұрмысқа шықты.

2021 жылдың 1 маусымында қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік ең жоғары шахмат атағын – халықаралық ерлер гроссмейстері атағын алды.

Сондай-ақ оқыңыз