Дженнифер Лопес концертіне жиналған жұрт кезекте сағаттап тұр

Жарияланды 10 Тамыз 2025 18:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дженнифер Лопес концертінде жұрт кезекті сағаттап күтіп тұр / фото: kursiv.media

Алматыда бүгін 10 тамыз кешке өтетін Дженнифер Лопестің концертіне санаулы сағаттар қалса да, Орталық стадион алдында ұзын сонар кезектің соңы көрінбейді. Әлемдік жұлдыздың алғашқы концертіне келген халықтың қарасы қалың – фотозоналар мен жарқын маскоттар алдында билеп, қуанышқа бөленіп жүрген қонақтар мен көрермендердің көңіл күйі ерекше.

Кешке қарай стадионға 20 мыңнан астам көрермен жиналады деп күтілуде, оның ішінде әлемнің 35-тен астам елінен келген 8 мың турист бар.

Қазіргі уақытта концертке кіретін ұзын-сонар кезек те көзден бұл-бұл ұшады. Халықтың көптігі сонша – кезектің соңы көрінбей кетеді.

Сондай-ақ оқыңыз