
Ақтау қаласының әкімшілік полиция басқармасындағы жанжал полиция подполковнигі Лейла Саидованы желі жұлдызына айналдырды.
Бейнежазбада полиция подполковнигі мен ақтаулық жергілікті тұрғын арасындағы дау-дамай туады.
Әйел полиция қызметкерінің үстінен арызбанбақ болып, құжаттарын сұрайды. Лейла Саида аты-жөнін айтқанмен, құжаттарын беруден бас тартады. Мұндай ұрыс-керіс өмірде жиі кездескенмен, одан желі жұлдызына айналып жатқандар некен-саяқ.
Әдетте, мұндай жағдайда «кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс» деп қызу талқы болатын еді. Бұл жолы бәрі керісінше болып шықты.
Әлеуметтік желі қолданушылары полиция подполковнигі Лейла Саидованың сұлулығына тамсанып жатыр.
«Сұлу полиция қызметкерлерін бұрын тек Голливуд фильмдерінен көруші едік. Лейла хас сұлу екен», – деп мадақ айтып жатқандардың қарасы көп.
Көпшіліктің пікірінше, подполковнигінің сұлулығы, ұстамдылығы мен харизмасы күшті. Ол полиция қызметкері емес, актриса болуға әбден лайықты.
Айта кететін жайт, Шымкентте автобуста жолаушының шашын жұлған әйел сотталды.