Алматыда Филипп Киркоровтың концертіне билет 1 млн 680 мың теңгеден сатылып жатыр

Жарияланды 14 Тамыз 2025 11:58

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Филипп Киркоровтың концертіне билет 1 млн 680 мың теңгеге сатылып жатыр / фото: TACC

29 тамыз күні ресейлік әнші Филипп Киркоров Алматыдағы мейрамханалардың бірінде жеке концертін өткізеді. Бұл кешке билет Ticketon сайтында сатылып жатыр.

Ең қымбат билет құны – 1 млн 680 мың теңге. Бұл баға 8 адамдық үстелге арналған және бір адамға шамамен 210 мың теңгеден келеді. Бағаға тек орын кіреді, ал тамақ пен сусын үшін бөлек төленеді.

Бұдан бөлек, 945 000, 840 000, 630 000, 525 000 және 420 000 теңгелік билеттер ұсынылған. Ең арзан билет фан-аймаққа — 56 мың теңге.

Филипп Киркоров– шоу-бизнес әлеміндегі ондаған «Алтын граммофон» және World Music Awards жүлделерінің иегері, ауқымды шоулар мен алтын тираждардың символына айналған әнші.

Бұл жолы ресейлік әнші 29 тамызда таудың етегінде орналасқан Queen Mountain Resort сахнасында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз