Фима Иванов: Төртінші жүзбін, руым – орыс, оның ішінде – борщ

Жарияланды 23 Қазан 2026 12:51

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/art_friends_event, бильд-редактор: Дастан Шанай

Блогер, жүргізуші және стендапер Фима Иванов өзін қай ұлтқа жатқызатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ол шетелге барғанда адамдар ұлты туралы жиі сұрайтынын айтты. Бұған берер жауабы да дайын екен.

«Ресейге барғанда менен жұрт акцентіңнен басқа қандай қазақтығың бар деп сұрайды. Мен төртінші жүз, руым – орыс, оның ішінде – борщ екенін айтамын», – дейді Фима Иванов.

Бұған разы болғандар көп. «Осы жігіт, қарасаң, үлкен жұмыс істеп жүр», «Жарайсың, бауырым, керемет, біз біргеміз, алға Қазақстан» деп пікір қалдырып жатыр.

Фима Ивановтың әзілдері ТМД елдерінде аса танымал. Қырғыздар мен өзбектер де көріп ұнатады. Ресей мен Украина да көрермендерінің қарасы аз емес. Әзілкеш адамдарға қуаныш сыйлайтынын мақтан тұтады.

Мұның алдында ол ет пісіруден чемпион екенін айтып, бір астау етті көрсеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз