Қартаймайтын жұлдыздар: Дене бітімін мінсіз қалыпта қалай ұстайды?

Жарияланды 23 Тамыз 2025 15:14

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Қартаймайтын жұлдыздар / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Байқасаңыз, кей танымал адамдар араға ондаған, тіпті одан көп уақыт салса да, өзгермейді. Олар үшін құдды уақыт бір орнында тоқтап қалғандай көрінеді. Осыдан 20 жыл бұрынғы сұлу қалпын әлі сақтаған болып шығады. Мұндайда еріксіз таңғалмасқа амал жоқ. Kursiv Media тілшісі сұлулығын сақтап қалған әлем және Қазақстан жұлдыздарына шолу жасады. Олардың осы қалыпта жүруіне не көмектеседі? Қандай құпиялары бар?

Әлем жұлдыздары 

Дженнифер Лопес (J.Lo)

Джей Ло кім: әнші, актриса әрі бизнесвумен. 1969 жылы 24 шілдеде дүниеге келген. Жасы 56-да. Күні кеше Қазақстанға келіп, Астана және Алматы қалаларында жеке концертін өткізді. Сол кештен кейін көпшілік мотивация алып, елуден асқанда сұлу мүсінді болғысы келетінін жасырмай айтып жатты. Дженнифердің дене бітімі де, стилі де, бет әлпеті де — көпке үлгі.

Қартаймауының себебі неде: ол өзіне өте мықты күтім жасайды. Өзінің шығаратын JLo Beauty деген бренді бар. Сұхбаттарында сол өнімдерді күнделікті қолданатынын жиі айтады. Әрі жылтыраған мейкап та бет әлпетін жасартып көрсетеді. Жаттықтырушысы Tracy Anderson-мен бірге жаттығу жасайды.

Режимі мен әдеттері: Джей Ло аптасына 4-5 рет жаттығу залына барады. Суды нормаға сай ішеді. 10 сағат ұйықтайды. Дене бітімін қатты жақсы көреді, сондықтан мүсінін сақтау үшін барын салады.

Қазір немен айналысып жүр: ән айтады, турларға шығады, фильмдерге түседі. JLo Beauty брендінің жұмыстарымен айналысады.

Сөздің қысқасы: оның қартаймайтынының себебі — темірдей тәртіп, кәсіби күтім, позитив энергияда.

Шер

Шер кім: поп және кэмп-мәдениеттің иконасы. 1946 жылы 20 мамырда дүниеге келген. Жасы 79-да. Әлемдік шоу-бизнес индустриясындағы ең танымал әрі ерекше жұлдыздардың қатарында.

Қартаймауының себебі неде: оның болмысы ерекше, содан-ақ энергиясы сезіліп тұрады, үнемі стилизацияланған мейк-ап жасап жүреді. Эстетикалық процедуралар жасап тұрады.

Режимі мен әдеттері: ашық дереккөздерде Шердің қандай режим сақтап, пайдалы әдеттер ұстанатыны туралы ақпарат аз. Оның сахнадағы образдарын стилистер реттейді. Сахналық имиджі мен кәсіби макияжын да мамандар жасайды.

Қазір немен айналысып жүр: жұртшылық арасында феномен қалпын әлі де ұстап келеді. Бұрынғыдай белсенді шықпаса да, арагідік фотосессиялар жасап тұрады. Соған қарамастан сол суреттеріне қарап тамсанасыз. Сексенге таяса да әлі сол қалпы.

Сөздің қысқасы: Шер неге қартаймайды десеңіз, ол өзінің сахналық брендін бір рет мықтап бекітіп алып, соны жақсылап ұстанады.

Шакира

Шакира кім: Колумбиялық супержұлдыз, әлемге әйгілі әнші. 1977 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. Жасы 48-де. Елуге таяған жұлдыздың мың бұралып билегенін көргендер оның мүсінінін қалай сақтағанына таңданысын жасыра алмайды.

Қартаймауының себебі неде: ол дене бітімін сақтап үшін мықты еңбек етеді, ерінбейді. Бет терісіне келсек, күтімге айрықша мән береді.

Режимі мен әдеттері: аптасына 6 күн жаттығуға барады. Функционал және би фитнесімен айналысады. Оған қоса ішімдік ішпейді, темеке тартпайды. Ашық дереккөздерде vitamin C-серум және SPF 100 жағатыны туралы ақпарат бар.

Қазір немен айналысып жүр: турларға жиі шығады, ән айтады.

Сөздің қысқасы: Шакираның қартаймайтыны фитнес, күтім, жаман әдеттерден бас тартқанының арқасында.

Ева Лонгория

Ева кім: Америкалық актриса, режиссёр және кәсіпкер. 1975 жылы 15 наурызда дүниеге келген. Жасы елуде. Ева «Desperate Housewives» сериалына түскен кезде қандай болса, әлі күнге дейін сол сұлу мүсінін сақтай алған.

Қартаймауының себебі неде: өзіне жүйелі түрде күтім жасайды, ерік-жігерін мықтап дамытқан, өзін қатты жақсы көргендіктен өзі үшін барын салады.

Режимі мен әдеттері: бірнеше қадамнан тұратын күтімді күнделікті ерінбей жасайды, соның ішінде серум, кремдер, маскалар мен SPF тұрақты жағады. Бетін ешқашан құрғатпайды, биохакиң —cold plunge, red light therapyжасайды. Медитациямен айналысады. Ұйқыға қатты мән береді.

Қазір немен айналысып жүр: фильм түсіреді, продюсерлікпен айналысады (CNN-ге арнап деректі фильмдер түсіреді).

Сөздің қысқасы: оның жас қалпын сақтауы ғылым мен психологияның жемісі. Іші мен сыртын қатар сұлу ұстауға тырысқанының арқасында.

Джаред Лето

Джаред кім: Актёр әрі музыкант. 1971 жылы дүниеге келген. Жасы 54-те. Жанды сахналық энергиясын сақтаған жұлдыздардың бірі.

Қартаймауының себебі неде: әнші мұның құпиясын аша бермейді.

Режимі мен әдеттері: көпшілікке көрінетін әдеттерінің ішінде тамақтану, спорт және сәнге қызығушылық бар. Бірақ бұған дейін айтқандай, құпиясын еш жерде жар салып айтпайды.

Қазір немен айналысып жүр: актер ретінде мансабын белсенді жүргізіп келеді.

Сөздің қысқасы: сахнадағы бренд қалпын сақтау үшін барын салады. Бірақ қалай екенін айтпайды.

Қазақстандық сегментке шолу

Баян Мақсатқызы

Баян кім: Қазақстандық танымал продюсер, актриса әрі медиаперсона. 1974 жылы дүниеге келген. Жасы 51-де. Қартаймайтын жұлдыз дегенде еске түсетін бірден-бір тұлға.

Қартаймауының себебі неде: өте белсенді, ерік-жігері мықты, энергетикасы қуатты.

Режимі мен әдеттері: Баян ешқашан бір орында тоқтап тұрмайды, көпшіліктің алдында жүргесін өзін соған сай ұстайды.

Қазір немен айналысып жүр: өзінің Shine Production компаниясын дамытып жүр, продюсер ретінде де, әлеуметтік жобалардың бастамашысы ретінде де жұмыстарын атқарып жатыр.

Сөздің қысқасы: оның жас қалпын сақтауына энергиясы, ерік-жігері мен қоғамның ықпалы әсер етеді.

Дильназ Ахмадиева

Дильназ кім: әнші әрі актриса. 1980 жылы дүниеге келген. Жасы 45-те.

Қартаймауының себебі неде: әйелге тән энергиясы мол, табиғатынан тартымды.

Режимі мен әдеттері: сахнаға ерте жастан келгендіктен, күтім, мүсінді сақтау дегенді осы кезге дейін әбден әдет қылған.

Қазір немен айналысып жүр: музыка және кино саласында еңбек етіп келеді.

Сөздің қысқасы: шығармашылыққа берілгені, энергиясы мол, табиғи дарынды болғанының арқасында жас қалпын сақтайды.

Мадина Сәдуақасова

Мадина кім: әнші, актриса, поп. 1979 жылы дүниеге келген. Жасы 46-да.

Қартаймауының себебі неде: өзіне қатты қарайды, көп ашулана бермейді, ашық-жарқын мінезді әрі сахнадағы имиджін сақтауға тырысады.

Режимі мен әдеттері: музыка, отбасы, продакшен арасында баланс ұстауға тырысады.

Қазір немен айналысып жүр: концерттерге, тойларға шығады, әншілік мансабын жалғастырып келеді.

Сөздің қысқасы: оның қырықтан асса да жап-жас көрінетіні — грация, шығармашылық образ және өзіне деген күтімнің жемісі. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда концерт берген не жабық кештерге қатысқан әлем жұлдыздары туралы жазғанбыз

Сондай-ақ оқыңыз