Апталық шолу: ФРЖ стратегиясы мен АҚШ-тағы саяси шиеленіс нарықтарға ықпал етті

Жарияланды 25 Тамыз 2025 08:20

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Апталық шолу: ФРЖ стратегиясы мен АҚШ-тағы саяси шиеленіс нарықтарға ықпал етті / Фото: REUTERS

Өткен апта қаржы нарықтары үшін турбулентті кезең болды. Әлемдік және жергілікті индекстердің динамикасы, сондай-ақ инвесторлардың көңіл-күйі бірқатар маңызды факторлардың ықпалымен қалыптасты.

Әлемдік нарықтар

АҚШ

S&P 500 аптаны 6 466,92 пунктпен жапты (−0,16%). Фьючерс аптаның басынан бері 1,0% төмендеп, 6 378 деңгейіне түсті, ал апталық минимум 6 343-ке жетті. Бұл 6 310–6 330 диапазондағы маңызды қолдауға жақын. Апта бойы индекс теріс аймақта саудаланып, тек соңғы күні ғана символикалық +0,10% көрсетті.
Dow Jones керісінше өсіп, +1,04% қосып, 45 631,75 пунктке жетті.

Нарық қатысушыларының бар назары жұма күнгі ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің сөзінде. Ол алдағы бірнеше жылға арналған стратегияны жариялайды. Сарапшылардың көбі инфляцияны ағымдағы деңгейде таргеттеуге қайта оралуы мүмкін деп күтіп отыр. Бұл ФРЖ саясатын қатаңырақ етуі ықтимал.

Қыркүйектегі ставканы төмендету ықтималдығы аптаның басында 85,4% болса, апта соңында 75%-ға түсті. Бұған ФРЖ мүшелерінің кейбір мәлімдемелері мен АҚШ-тағы саяси факторлар әсер етті. Сонымен қатар, жұмыссыздық бойынша өтінімдер айлық максимумға жетіп, еңбек нарығының баяулауын көрсетті.

Қытай

Shanghai индексі аптаны +4,53% өсіммен 3 825,75 пунктте аяқтады, Hang Seng болса +0,07%-ға ғана көтерілді.

Ресей

Мәскеу биржасы (МосБиржа) айтарлықтай төмендеп, −3,04% көрсетті.

Ұлыбритания

FTSE 100 аптаны +1,57% өсіммен аяқтады.

Қазақстан

KASE индексі −2,46%-ға құлап, 6 693,93 деңгейінде тұр. Бұл Қазақстан қор нарығының қызыл аймаққа түскенін көрсетеді.

 KASE индексі:

  • Аптаны 6 693,93 деңгейінде жапты (−2,46%).
  • Бұл – айтарлықтай төмендеу, яғни инвесторлар тарапынан белсенді сату жүрді.

Компания акциялары:

  • BCC.kz (Цеснабанк) – аптадағы ең көп құлдыраған акция: −5,98%.
  • Kaspi.kz −2,15% төмендеді. Компания акциялары соңғы айларда өсімнен кейін түзету кезеңінде.
  • Air Astana −2,18%. Ұшақ билеттері бағасының қымбаттығына қарамастан, нарық авиакомпания болашағына сенімсіздік танытуда.
  • KMGZ (ҚазМұнайГаз) −1,89%. Мұнай бағасының әлсіз динамикасы әсер етті.
  • Kcell −0,69%, KEGOC −0,20%, KazTransOil (KZTO) −0,36% – шағын төмендеулер көрсетті.
  • Жалпы алғанда, эмитенттердің басым бөлігі қызыл аймақта.

Негізгі активтер

  • Мұнай (Brent): $67,78 (+2,22%). Баға $66–68 диапазонында сақталуда. Көтерілудің басты тежегіштері – ОПЕК+ шешімі бойынша қыркүйекте өндірісті 548 мың баррель/тәу қосымша арттыру және Ресейге салынған санкцияларды жұмсарту мүмкіндігі. Ближайғы кедергі – $76–78, қолдау – $56–58.
  • Алтын: $3 372,7 (+0,97%). Нарық $3 250–3 450 дәлізінде қалып отыр. Сұраныс тұрақты, бірақ нақты бағыт әлі белгісіз.
  • Биткоин: $115 080 (−1,92%). Апта бойы қысымда болды.
  • USD/KZT: ₸537,37 (−0,64%). Апта ішінде теңге долларға қатысты біршама нығайып, 22 тамызға қарай ₸537,37-ге бекіді (аптаның басында ₸539,10 болған).

Инвесторлар әрекеті

Апта ішінде ірі қатысушылар SPDR S&P 500 ETF Trust (SPY) үлесін $571,2 млн-ға арттырды. Бұған дейінгі екі аптада керісінше $13,7 млрд ауқымында шығу болған. Бұл – «крупняктың» нарықтағы әлсіреуді пайдаланып, қайтадан кіре бастағанын білдіреді.

Бұл аптада инвесторлардың басты назары ФРЖ саясатына ауысты. S&P 500 техникалық тұрғыдан 6 310–6 330 қолдау аймағына өте жақындады. Одан төмен сырғу өсім модельдерін жойып, жаңа құлдырау кезеңін ашуы мүмкін.

Қазақстан қор нарығы үшін апта сәтсіз болды – KASE индексы және компаниялардың көпшілігі минусқа кетті. Теңге аздап нығайғанымен, мұнай бағасының әлсіздігі алдағы уақытта ұлттық валютаға қысым түсіруі ықтимал.

Келесі аптада басты оқиға – Джером Пауэллдің мәлімдемесі. Ол АҚШ қана емес, жаһандық нарықтарға да бағыт береді.

Сондай-ақ оқыңыз