Андреа Бочеллидің Алматыдағы концертінің бағасы қазақстандықтарды таңғалдырды

Жарияланды 26 Тамыз 2025 08:48

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Андреа Бочелли концертіне билет 800 мыңға сатылып жатыр / фото: andreabocelli.com

Әлемдегі ең ұлы тенорлардың бірі саналатын маэстро Андреа Бочелли биылғы жылдың 28 қазанында Алматыда көптен күткен концертін өткізбек. Кеш «Almaty Arena» сахнасында өтеді.

Алайда көпшілікті қуаныштан гөрі билет құнының қымбаттығы таңғалдырды. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде өз наразылығын білдіріп жатыр.

Билет бағасы

Орта есеппен бір билет 500 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сатылып жатыр. Бұл көптеген қазақстандықтардың айлық жалақысына тең.

Кейбір тыңдармандардың пікірінше, мұндай баға шектен тыс қымбат.

«Бұндай қаржыны жұмсағанша, Италияға барып, маэстроның туған жерінде өткен концертін тамашалаған әлдеқайда тиімді болар еді» – деп жазуда.

Соған қарамастан, Андреа Бочеллидің Алматыдағы концерті мәдени өмірдегі үлкен оқиға болмақ. Әлемдік деңгейдегі әншіні Қазақстан сахнасында көру – сирек бұйыратын мүмкіндік. Билеттер 25 тамыз күні Freedom Ticketon сайтына сатылымға шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз