
Қайрат Нұртастың отбасында тағы бір сәби дүниеге келгелі отыр. Бұл туралы қазақстандық жұлдыздың өзі парақшасында жария етті.
«Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ», – деп жазды Қайрат Нұртас.
Қайрат Нұртастың інісі Заңғар жақында нәрестелі болмақ. Әнші өз парақшасында Заңғардың келіншегі Индира Мәуленнің құрсағындағы нәрестенің УЗИ-суреті мен тоқыма аяқкиімін көрсетіп түскен фото жариялады.
Заңғар мен аяғы ауыр Индираның бірге түскен суреттері оқырмандардың пікірін екіге жарып отыр.
Бұл жақсы жаңалыққа қуанғандардың бірі сәбидің кім болатынын да болжаған.
«Аман-есен бауырыңызға алыңыздар! Қыз болады, бұйыртса…», – деп сәбиге тілестестік білдіріп жатыр.
Көз тимесін деп, босанғанша көпшілікке екіқабат екенін көрсетпеуге кеңес беріп жатқандар да бар. Олардың пікірінше, бұл – қазақтың салты.
Жақында Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші рет ата-ана атанған болатын.