
29 тамызда Ұлттық Банкі (ҰБ) базалық мөлшерлеме бойынша ай кезекті шешімін қабылдайды. Kursiv Research орталық банктің мөлшерлемеге қатысы бар шамамен 80 релизін зерттеді. Сөйтіп ҰБ риторикасын да, оның шешімдерін де алдын ала болжауға болады деген қорытындыға келді.
Мәлімет реңі, бағдар және тәуекел
Kursiv Research осы зерттеу кезінде бірнеше параметрді талдады: мәлімет реңін талдау (Sentiment Analysis), болжамды бағдар немесе болашақта жасалатын іс-әрекеттен хабар беретін акцентті талдау (Forward Guidance) және тәуекелді бағалауды талдау (Risk Assessment).
Мәлімет реңін талдау ҰБ риторикасы («қатаң» немесе «жұмсақ») мен базалық мөлшерлемеге қатысты шешімінің қаншалықты сәйкес екенін білуге бағытталды. Болжамды бағдарды талдау акцент күшін (күшті, әлсіз) және оның түрін (шартты, күнделікті немесе ашық) анықтауға мүмкіндік берді. Инфляция тәуекелін бағалау барысында тәуекел бағыты (төмендеу немесе жоғарылау) мен тәуекел факторының түрін (ішкі, сыртқы, аралас, нақтыланбаған) анықтауға мүмкіндік берді.
Бірден байқалатын басты заңдылық – тәуекел бағытын бағалау, риторика және мөлшерлемеге қатысты шешім арасындағы байланыстың болуы. Инфляция тәуекелінің артуы «қатаң» риторикамен бірге жүреді, содан кейін базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешім қабылданады. 2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы желтоқсанға дейінгі аралықта ақша-несие саясатын қатаңдату кезеңінде осындай заңдылық айқын көрінді. Тәуекел төмендеп, «жұмсақ» риторика және базалық мөлшерлеменің төмендеуіне өту 2016 жылғы мамырдан қарашаға дейінгі кезеңде ерекше байқалды.
Осыдан-ақ тәуекелдер тепе-теңдігін бағалау – Ұлттық Банк шешімдерінің басты триггері дей аламыз. Ол коммуникация тілінің реңін анықтайды. Мәліметтер реңі нарықты болашақ шешімге дайындайды.
Материалдың орыс тіліндегі толық нұсқасын мына сілтемеге өту арқылы оқып шығыңыз.