
Алматы Museum of Arts Орталық Азиядағы алғашқы қазіргі заманғы өнер мұражайы билеттердің сатылымға шыққанын хабарлады. Жаңа мәдени нысанның ресми ашылуы 2025 жылдың 12 қыркүйегіне жоспарланған. Жобаның негізін қалаушы – қазақстандық кәсіпкер әрі меценат Нұрлан Смағұлов.
Мұражай директоры Татьяна Ходжаеваның айтуынша, билет бағасы тұрғындар үшін қолжетімді болады.
«Қарапайым билет құны 2 000 теңге болады, бұл мемлекеттік мұражайлар деңгейінде. Сондай-ақ мектеп оқушыларына, студенттерге және зейнеткерлерге билет бағасы 500 теңге болып бекітілді. Ал мектеп жасына дейінгі балаларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға және ардагерлерге кіру тегін. Біз әркімнің осындай әсем кеңістікке келуіне мүмкіндік жасағымыз келеді», — деді директор.
Алматы Museum of Arts қонақтарды сейсенбіден жексенбіге дейін, сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды. Билеттерді мұражайдың ресми сайтынан сатып алуға болады.