Астанаға Backstreet Boys концертіне 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді

Жарияланды 16 Қыркүйек 2025 15:19

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
BACKSTREET BOYS концертіне 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді / фото: архив kursiv.media

Астана әкімдігінің мәліметінше, BACKSTREET BOYS концертіне 45 елден 12 мыңнан астам турист келеді. Олардың қатарында Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және басқа мемлекеттердің тыңдармандары бар.

21 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында әйгілі Backstrеet Boys тобы концерт өткізеді. Ең сәтті поп-группалардың бірі саналатын ұжым 130 миллионнан астам альбомын сатқан.

Астанадағы концерт топтың әлемдік турнесінің бір бөлігі болмақ. Айта кетейік, 2025 жылы Backstrеet Boys Лас-Вегастағы The Sphere аренасында рекорд орнатты: топтың шоуына 500 мыңнан астам билет небәрі бір күнде сатылып кеткен. Бұл – аталмыш сахнаның тарихындағы ең көп сатылған концерт.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Backstreet Boys Алматыда да өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз