
Қазақстанда Kia Sorento көлігінің отандық нарыққа арнайы әзірленген шектеулі сериясы — Tulpar сатылымға шықты. Модельдің бағасы 23,99 млн теңгеден басталады.
Allur компаниясының мәліметінше, Kia Sorento Tulpar көлігі 20 дюймдік ерекше дизайндағы дискілермен жабдықталған. Арнайы серияға тиесілі екенін білдіретін басты ерекшелігі — алдыңғы қанаттарында орналасқан Tulpar жазуы бар эксклюзивті бейдж.

Шектеулі сериялы нұсқаның төбе жабыны алькантарамен қапталған, ал салон ішіне динамикалық жарықтандыру (Mood Lamp) орнатылған. Педальдарға арналған металл жапсырмалары көлік жүргізуді барынша ыңғайлы етеді.
Sorento Tulpar модельдерінің барлығында ашылатын люгі бар панорамалық төбемен жабдықталған. Bose премиум аудиожүйесі сүйікті әндеріңізді концерт залы не үйдегі кинотеатр деңгейінде тыңдауға мүмкіндік береді.Шектеулі сериядағы автокөліктерге Tulpar логотипі бар салон төсеніштері, сондай-ақ эксклюзивті белгісі бар автоиесінің жинағы беріледі, – делінген компания хабарламасында.
Kia әлемдегі сенімді көліктер рейтингінде позициясын нығайтуда. Consumer Reports пен JD Power компанияларының соңғы есебіне сәйкес, корейлік бренд сенімділік пен автокөліктерге қызмет көрсету құны бойынша ең үздік ондыққа кірді.