Backstreet Boys Алматыға келді (видео)

Жарияланды 18 Қыркүйек 2025 08:56

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Backstreet Boys Алматыға келді (видео)
Backstreet Boys Алматыға келді / фото: архив kursiv.media

Әлемге әйгілі топ Backstreet Boys Алматыға келді. Әуежайда қонақтарға дәстүрлі тақия мен «Қазақстан» шоколады сыйға тартылды. Бүгін топ мүшелері демалып, қаланы аралау жоспары бар.

Аты аңызға айналған ұжымның концерті 19 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Қала күні қарсаңында ұйымдастырылатын шоуға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп күтіліп отыр.

Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, концерт кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық ұлан әскері және 200 күзетші жұмылдырылады. Шара алдында аумақты кинологтар тексеріп, стадионда дәрігерлер мен өрт сөндірушілер кезекшілік етеді. Сондай-ақ эвакуациялық жоспар әзірленген.

Бұл жолы еріктілердің рөлі ерекше болмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 150-ге жуық волонтер концертке бағыт-бағдар көрсетіп, көрермендерге көмек береді. Әрқайсысына тегін тамақтану талондары ұсынылады.

Ал 21 қыркүйекте Backstreet Boys Астанаға барып, елорда сахнасында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз