Мейрамбек, Баян, Байғали қазылар алқасында. The Voice жобасы көрерменге жол тартады

Жарияланды 18 Қыркүйек 2025 11:28

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
The Voice Kazakhstan көрерменге жол тартады
The Voice Kazakhstan көрерменге жол тартады / фото: instagram: m_besbaev

Төрткүл дүниені таңғалдырған әйгілі The Voice жобасының қазақстандық нұсқасы – The Voice Kazakhstan 11 қазаннан бастап сағат 20:00-де «Хабар» арнасында көрерменге жол тартады.

Қазылар алқасында белгілі өнер өкілдері: Мейрамбек Беспаев, Баян Алагөзова, Байғали Серкебаев, Бағым Мұхитденова және Тұрар Ыдырыс бар. Шоудың жүргізушісі – танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов.

Жобаның басты ерекшелігі – «көрмей тыңдау» кезеңі. Бұл сында тәлімгерлер үміткерді тек дауысымен бағалап, сахнаға қарамай шешім қабылдайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тәсіл әділдікті қамтамасыз етіп, талантты шынайы анықтауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов бас сүйегіне ота жасатқанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз