Мадина Сәдуақасова «Реал Мадрид» жейдесін киіп, Қайратпен түскен суретін жариялады

Жарияланды 25 Қыркүйек 2025 14:12

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Мадина Сәдуақасова «Реал Мадридке» жанкүйер ме / фото: instagram

Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде жаңа суретін бөлісті. Әнші әйгілі испандық «Реал Мадрид» футбол клубының жейдесін киіп, өнердегі әріптесі Қайрат Нұртаспен бірге суретке түсті.

Жазбасында әнші:

«Осы фотоға қандай ат қоямыз..? @kair_n» – деп оқырмандарынан суретке ат қоюды сұрады.

Айта кетейік, 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында жергілікті «Қайрат» испаниялық «Реал Мадрид» командасымен ойнайды.

Ал 31 қазан күні дәл осы алаңда әнші Қайрат Нұртас өзінің жеке концертін өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыз