TikTok-та банға түспеу жолдары

Жарияланды 3 Қазан 2025 13:03

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Минцифры обещало тиктокерам монетизацию, но TikTok не в курсе
Фото: ашық дереккөзден

Әлем бойынша миллиардтан астам қолданушысы бар TikTok қазір шығармашылық пен трендтердің ортасына айналды. Бірақ платформада бәрі еркін емес – ортақ тәртіп пен ережелер бар. Егер оларды бұзсаңыз, аккаунтыңызды бұғаттап тастауы мүмкін немесе видеоңыз лентаға шықпай қалады.

TikTok-тағы ережелер не үшін керек?

Ережелердің басты мақсаты – қолданушыларға қауіпсіз, қызықты әрі достық орта қалыптастыру. Сондықтан TikTok арнайы модерация жүйесін қолданады:

  • Жасанды интеллект автоматты түрде ережені бұзған видеоны табады.
  • Мыңдаған модераторлар тәулік бойы жұмыс істейді, оның ішінде қазақ тілінде сөйлейтін мамандар да бар.
  • 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда өшірілген видеолардың 87%-ы автоматты жүйемен анықталған, ал 99%-ы қолданушылар шағымданбай тұрып жойылған.

Яғни, TikTok-тағы қауіпсіздікті қатаң бақылайды.

Қандай контентке шектеу қойылады?

1. Қауіпсіздік және құрмет
– Басқаларды кемсітуге, балағаттауға болмайды.
– Терроризмді, зорлық-зомбылықты немесе экстремизмді насихаттауға болмайды.

2. Ересектерге арналған немесе қауіпті тақырыптар
– Жалаңаштық, сексуалды мазмұндағы видеоға тыйым салынады.
– Жануарға қатыгездік көрсетуге болмайды.
– Қатыгездік пен қан-құйлы кадрларға жол берілмейді.

3. Жалған ақпарат пен фейк
– Денсаулыққа қатысты жалған ақпарат, сайлауға байланысты дезинформация немесе қоғамды адастыратын мәліметтер өшіріледі.
– Жасанды интеллектпен жасалған видео болса, ол міндетті түрде белгіленуі керек.

4. Коммерция және құпиялылық
– Заңсыз тауарларды жарнамалау немесе сату болмайды.
– Басқа адамдардың жеке ақпаратын (телефон, мекенжай, құжаттар) жариялауға болмайды.

5. Балалардың қауіпсіздігі
– TikTok-қа 13 жастан бастап тіркелуге болады. 2024 жылы Қазақстанда 13 жасқа толмаған 1,9 миллион аккаунт өшірілген.
– Жасөспірімдерге зиян тигізетін контентке (алкоголь, темекі, есірткі, қауіпті челлендждер, өзін-өзі жарақаттау) қатаң тыйым бар.

Неге видео лентаға шықпай қалады?

Бұл әрқашан ереже бұздыңыз дегенді білдірмейді. Кейбір видеолар жай ғана кең аудиторияға ұсынылмайды, бірақ олар сіздің аккаунтыңызда қала береді. Сонымен қатар, ересектер мен жасөспірімдердің лентасы әртүрлі болуы мүмкін – 18 жасқа толмағандарға кейбір тақырыптар көрсетілмейді.

Егер аккаунтты бұғаттаса немесе видеоны өшірсе не істеу керек?

TikTok-та арнайы «Аккаунтты тексеру» функциясы бар. Сол жерден:

  • Соңғы 30 видеоңыздың статусын көресіз;
  • Қандай шектеулер қойылғанын (мысалы, пікір қалдыруға болмайды, жеке хабарлама жабық) білесіз;
  • Қай видео ережені бұзғанын және не үшін өшірілгенін көре аласыз.

Егер өзіңіз дұрыс түсіргеніңізге сенімді болсаңыз, «Апелляция» беріп, модерация шешімін қайта қарауды сұрай аласыз. Көбіне әділетсіз өшірілген видеолар қайта қалпына келтіріледі.

TikTok – еркін ой мен шығармашылыққа арналған алаң. Бірақ әр еркіндіктің жауапкершілігі бар. Ережелерді сақтасаңыз:

  • аккаунтыңыз бұғатталмайды,
  • контентіңіз көбірек адамға жетеді,
  • аудиторияның сеніміне ие боласыз.

Яғни, TikTok-та табысты болудың бір кілті – қауіпсіз әрі ережеге сай контент жасау.

Сондай-ақ оқыңыз