Қайрат Нұртастың тағы да бір келіні жүкті екенін жария етті (видео)

Жарияланды 3 Қазан 2025 15:34

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Қайрат Нұртастың тағы да бір келіні ултра дыбысты зерттеу түсірілімін көрсетті / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қайрат Нұртастың тағы да бір келіні ультра дыбысты зерттеу түсірілімін көрсетті / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қайрат Нұртастың тағы да бір келіні жүкті екенін жария етті. Бұл жолы Аян Нұртастың келіншегі Айгерім Сәркенова бала көтерген.

Айгерім Сәркенова жүктілігін айтып, өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы оқырмандарынан сүйінші сұрады.

Бейнежазбада үш адам алақандарымен бір құпияны жасырып ұстап, біртіндеп қолдарын тартып алады. Ең соңында құрсақтағы сәбидің ультра дыбысты зерттеу түсірілімі көрсетіледі.

«Жағдай осындай», – деп Айгерім Сәркенова жүктілігі туралы қысқа қайырған.

Мұның алдында Қайрат Нұртастың інісі Заңғар жақында нәрестелі болатыны туралы жазған едік.  Индира Мәулен жеке парақшасында құрсағындағы нәресте мен тоқыма шұлық көрсетіп түскен фото жариялаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз