Қазақстанда JAC маркасының көліктері арзандап жатыр. Себеп неде

Жарияланды 3 Қазан 2025 15:35

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Пресс служба Jac Kazakhstan
Фото: JAC Kazakhstan баспасөз қызметі

Қазақстанда қытайлық JAC маркасының автокөліктері арзандады. Енді модельдер қатарындағы ең қолжетімді көлік 7,5 миллион теңгеден басталады, ал сатып алушылар үшін ең жоғары жеңілдік 2,6 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы JAC Kazakhstan компаниясы Kursiv Auto басылымына таратқан ресми хабарламасында мәлімдеді. Жаңартылған баға тізімі дистрибьютордың ресми сайтында жарияланды.

JAC J7 және J7 Plus арзандады

Лифтбек JAC J7 енді 8,9 миллион теңгеден басталады – бұл бұрынғы бағадан 800 мың теңгеге арзан. Ал кеңейтілген нұсқадағы J7 Plus 1,1 млн теңгеге арзандап, 9,59 млн теңгеден сатылымға шықты.

Фото: JAC Kazakhstan баспасөз қызметі

JAC кроссоверлеріне жеңілдіктер

Кроссоверлер қатарында ең қолжетімдісі – JAC JS4. Оның бастапқы бағасы 8 млн теңге, жеңілдік көлемі – 900 мың теңге.

Орташа көлемдегі JS6 моделі ең үлкен жеңілдікпен ұсынылуда – 2,6 млн теңге, бастапқы бағасы – 8,9 млн теңге.

Жеті орынды JS8 1,5 млн теңгеге арзандап, 11,6 млн теңгеден басталады.
Ал JS5 кроссовері 2,1 млн теңгеге төмендеп, 8,6 млн теңгеден сатыла бастады.

Электромобиль JAC EJ-7

Электр қуатымен жүретін JAC EJ-7 де арзандады. Енді оны 12,29 млн теңгеден сатып алуға болады – бұл бұрынғы бағадан 700 мың теңгеге арзан.

Қазақстандағы ең арзан JAC моделі – S3 Pro

Қазақстан нарығындағы JAC брендінің ең қолжетімді нұсқасы – шағын кроссовер S3 Pro, оның бағасы 7,49 миллион теңгеден басталады.

Сонымен қатар, сатылымға жаңа логотиппен жаңартылған J7, J7 Plus және JS8 модельдері шықты.

Фото: JAC Kazakhstan баспасөз қызметі

Бағалардың төмендеуі жеңілдікпен берілетін несиелер арқылы сатып алынатын көліктерге де таралады.

JAC бренді Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыз