Азаматтар 2026 жылы тағы төрт әуежайда туркодтың жарамдылығын тексере алады

Жарияланды 7 Қазан 2025 12:24

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Қазір азаматтар үш қаладағы әуежайда туристік кодты жылдам тексере алады/фото: shutterstock

Шетелге тур сатып алған азаматтар 2026 жылы тағы төрт қалада туристік кодты тексере алады. Бұл туралы «Туристік қамқор» корпоративтік қорының директоры Асылхан Есілов Kazakstan Travel Forum-да айтты.

Қазір азаматтар үш қаладағы әуежайда туристік кодты жылдам тексере алады.

«Бірінші кезеңде туристерге туркодты тексеру оңай болу үшін Алматы, Астана және Шымкенттегі әуежайларға арнайы монитор қойылды. Екінші кезеңде Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Ақтаудағы әуежайларға арнайы техника қойылады. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2026 жылдың көктемінде орнатылады», – дейді Есілов.

Туркод –  саяхатқа немесе турпакетке берілетін код. Ол туроператорлар мен агенттіктер жүйесінде турды, тапсырысты немесе броньды анықтау үшін қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыз