Adidas мысық пен иттерге арналған жаңа күзгі топтамасын таныстырды

Жарияланды 7 Қазан 2025 14:09

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Adidаs мысық пен иттерге арналған киімді таныстырды / фото: HypeBeast

Әлемге әйгілі спорттық киім бренді Adidas үй жануарларына арналған жаңа күзгі топтамасын ұсынды. Бұл туралы HypeBeast басылымы хабарлады.

Брендтің үй жануарларына арналған киім желісі алғаш рет биыл мамыр айында шыққан. Енді adidas сұраныстың артуына байланысты киімдер үлгісін артырып отыр. Компания мәліметінше, соңғы жылдары ит пен мысыққа арналған сәнді киімдерге қызығушылық айтарлықтай өскен.

Жаңа adidаs Originals Pet топтамасы үй жануарларын «нағыз сән иконасына айналдыруды» мақсат етеді. Жинаққа логотиппен безендірілген желден қорғайтын жеңіл күртешелер, жылы жилеттер мен спорттық костюмдер кіреді.

Қазіргі уақытта adidas Originals Pet топтамасы тек Қытайда сатылады. Компания әзірге басқа елдерге шығару жоспарын жариялаған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз