Гүлзира Айдарбекова күйеуіне сезімін білдірді (видео)

Жарияланды 8 Қазан 2025 09:39

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Гүлзира Айдарбекова «арқа сүйер асыл жарына» алғыс айтты / фото: Instagram
Гүлзира Айдарбекова «арқа сүйер асыл жарына» алғыс айтты / фото: Instagram

Гүлзира Айдарбекова күйеуіне ерекше жылы сезімін білдірді. Нұртас Айдарбековте жарына деген ризашылығын да жеткізді.

«Сенен кейін қалдырмай, сенің алдыңда кетуімді Алла жазсын, саған үйленгеніме өкінген емеспін» – деп, ұзақ өмір сүруімді тілеп отыратын, балаларымның асқар тауы, менің арқа сүйер асыл жарым Нүрекеңнің бүгін туған күні. Алла ұзақ мәнді өмір берсін! Сіздерден де құттықтау күтеміз!» – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар танымал продюссер өмірлік серігін қалай құттықтағаны бейнеленген видео жариялады. Онда Айдарбековтер отбасы бас қосып, отағасын құттықтап жатқан сәт көрініс береді.

Қайрат Нұртас әкесіне арнап «Туған күн» әнін шырқады. Қайырмасына Айдарбековтер әулеті түгел қосылды. Продюссер күйеуіне: «Жүз жаса, менімен бірге жаса», – деп отбасын бір күлдіріп алды.

«Нұртас ағамыздың туған күні кұтты болсын! Жасы жүзге жетсінші. Ұрпақтарыңыз мың жасасын! Сіздерді жақсы көреміз, тіл көзден аман жүріңіздер!» – деп тілестестік білдірді оқырмандары.

Мұның алдында Гүлзира Айдарбекова келіні Индираны қатты жақсы көретінін айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз