
Қазақ шоу-бизнесінде соңғы жылдары сәбиге ерекше, мәні терең есім қою дәстүрге айналып келеді. Әр ата-ана баласының атына өз арманын, өмірлік ұстанымын немесе рухани мағынасын енгізуге тырысады. Мұндай үрдіс танымал жұлдыздар арасында да кең тараған.
Ninety One тобының әншісі Alem
Ninety One тобының әншісі Alem Батыр Мәліков пен жұбайы Вероника Жанғалова ұлдарына Тай деген қысқа әрі ерекше есім қойған. Әнші бұл есімді еркіндік пен батылдықтың символы ретінде таңдағанын айтып өткен. «Еркін болсын» деген ырыммен қойған екен.

Ерке Есмаханның ұлдары
Танымал әнші Ерке Есмахан ұлдарының есімдерін ерекше әрі әуезді қылып таңдаған. Ұлдарының есімдері: Мүслім, Ислам және Батыр. Әр есім өз алдына терең мағынаға ие: Мүслім мен Ислам – рухани мәнге толы, имандылықты бейнелесе, Батыр – күш пен ерлікті білдіреді.

Қайрат Нұртастың балалары
Эстраданың жарық жұлдызы Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың бес баласы бар. Қыздарының есімдері – Сезім, Алау. Ұлдары: Нарұл, Хан, ал жаңа туған қызының есімі – Рәбиа Сұлтан.

Жұлдыз Әбдікәрімова бұл есімді не таңдағанын бұған дейін жазған едік.