
Кәсіпкер Дана Қарағұсова американдық Blue Origin компаниясы ұйымдастырған New Shepard кемесімен суборбиталық ұшуға шықты.
Онымен бірге бортта бизнесмен Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, бірнеше стартаптардың негізін қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және аты-жөнін жасырғысы келген тағы бір жолаушы бар.

Зымыран Астана уақытымен сағат 18:40-та Батыс Техастағы ғарыш айлағынан ұшты. Ұшу шамамен 10–12 минутқа созылады, кеме шамамен 100 километр биіктікке көтеріледі, бұл ғарыштың шартты шекарасы болып есептеледі.
Дана Қарағұсова Қазақстаннан ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы әйел атанады. Кәсіпкер New Shepard кемесінің экипажы құрамына кірді. Америкалық Blue Origin компаниясы осымен 36-мәрте туристерді орбитаға алып шығады.