Венгрия жазушысы Краснахоркаи әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алды

Жарияланды 9 Қазан 2025 16:51

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ласло Краснахоркаи әдебиет саласында Нобель алды / фото: NIKLAS ELMEHED © NOBEL PRIZE OUTREACH

2025 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы венгриялық жазушы Ласло Краснахоркаиге табысталды. Нобель комитеті марапатты жазушының «апокалиптикалық үрей жағдайында да өнердің құдіретін қайта дәлелдеген әсерлі және көреген шығармашылығы үшін» бергенін хабарлады.

Краснахоркаи – Орталық Еуропа әдебиетінің үздік дәстүрлерін жалғастырған эпикалық шығармалардың авторы. Оның стилі Кафка мен Томас Бернхард шығармаларымен үндес, бірақ өзіне тән ерекшелігі – абсурд пен гротеск арқылы адамзат болмысын терең бейнелеуі. Сонымен қатар, жазушының еңбектерінде Шығыс философиясына тән сабырлы, ойлы реңк те байқалады.

Ласло Краснахоркаи 1954 жылы Венгрияның Румыния шекарасына жақын орналасқан шағын Дьюла қаласында дүниеге келген. Дәл осындай шет аймақ ауыл өмірі оның алғашқы романы «Сатанин би» (Sátántangó) шығармасына арқау болды. Бұл туынды 1985 жылы жарық көріп, Венгрияда әдеби сенсацияға айналды. Кейін режиссер Бела Тарр романды жеті сағаттық фильмге айналдырып, екеуінің шығармашылық ынтымақтастығы әлемдік деңгейде мойындалды.

2015 жылы жазушы Халықаралық Букер сыйлығының лауреаты атанып, сыншылар оның шығармаларындағы тілдік тереңдік пен көркемдік қуатты жоғары бағалаған болатын.

Ласло Краснахоркаидің ең танымал романдарының қатарында:

  • «Меланхолия сопротивления» (1989),
  • «Война и война» (1999),
  • «Си-ван-му здесь среди нас» (2008) бар.

Оның шығармалары адамзат рухының күйзелісін, өркениет дағдарысын және өнердің мәңгілік құндылығын философиялық тұрғыдан суреттейді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын корей жазушысы Хан Ган алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз