Сабина Алтынбекова 25 миллион теңгелік сыйлық алды

Жарияланды 10 Қазан 2025 16:52

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Сабина Алтынбекова 25 миллион теңге тұратын көлік сыйлады / фото: Instagram
Сабина Алтынбекова 25 миллион теңге тұратын көлік сыйлады / фото: Instagram

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде туған күніне тарту ретінде алған қымбат сыйлығын көрсетті.

Tengrisport.kz ақпаратына қарағанда, Сабинаның туған күні – қараша айында. Бірақ 28 жастағы спортшы қазірдің өзінде сый көріп, жаңа автокөлікке ие болып отыр.

«Туған күніме әлі бір ай бар. Алайда екі апта бұрын алғашқы сыйлығымды алдым. Менде болған барлық көліктің ішінде, мүмкін, ең ыңғайлысы шығар. Алғыс білдіремін», — деп жазыпты Алтынбекова.

Волейболшы бұл сыйлықты кімнің тарту еткенін ашып айтпаған.

Ол – 2025 жылғы Deepal S09 маркалы көлік. Оның орташа бағасы 22–25 миллион теңге шамасында.

Мұның алдында Сабина Алтынбекова мешіттегі келеңсіз оқиғаға байланысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз