Ең көп үйлену тойы Алматыда болған

Жарияланды 13 Қазан 2025 18:27

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Свадьбы
Ең көп үйлену тойы Алматыда болған / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

2025 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 88 мыңға жуық үйлену тойы өтті. Kursiv LifeStyle қазақстандықтардың қай жерде көп некеге тұрғанын анықтады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы елімізде тіркелген некелер саны бойынша қай өңірлер көшбасшы болғанын жариялады.

Бірінші орында – Алматы, осы жылдың тоғыз айында 14 254 жұп некесін заңдастырған. Екінші орында – Астана, елордада ресми түрде 10 142 неке тіркелген. Үшінші орында Түркістан облысы – 6 687 неке.

Шымкент (5 570) және Қарағанды облысы (5 394) бестікті түйіндеді.

Айта кетейік, осыған дейін елімізде ажырасу саны азайып, 8 айда 78 мың неке қиылып, 227 мыңға жуық сәби өмірге келгенін хабарлағанбыз

Сондай-ақ оқыңыз