Ақтаулық режиссер Жасанды интеллектпен алғашқы қазақ фильмін жасап шықты

Жарияланды 13 Қазан 2025 19:27

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Ақтаулық режиссер Жасанды интеллектпен алғашқы қазақ фильмін жасап шықты / Фильмнен скриншот

Ақтаулық режиссер Қанат Майлыбаев Жасанды интеллект көмегімен алғашқы қазақтілді фильмді жария етті. Алмаз атты туындыны YouTube желісінен көруге болады, деп хабарлайды Lada.kz.

Автордың айтуынша, фильм Оңтүстік Кореялық экшн жанрындағы фильмдерге ұқсайды. Мұндай жобаны құру идеясы AI көмегімен жасалған шетелдік фильмдерді көргеннен кейін туындаған.

«Қазақ тілінде фильм жасауға тырыстым. Көрермендерге ұнайды деп сенемін, олар жобаны қолдайды деген ойдамын»лайктар мен пікірлермен қолдайды», – дейді Қанат Майлыбаев.

Айта кетейік бұған дейін жасанды интеллект көмегімен алғашқы қазақстандық анимациялық мультфильм жарық көрген.

Сондай-ақ оқыңыз