Қайрат Нұртастың отбасында тағы бір сәби дүниеге келді

Жарияланды 17 Қазан 2025 08:46

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қайрат Нұртастың отбасында тағы бір сәби дүниеге келді / фото: instagram

Әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар әке атанды. Жас әке бұл қуанышты хабарды өз Instagram парақшасында жариялап, сәбидің есімін де көпшілікке таныстырды.

«Әлхамдулиллях, қош келдің ұлым, Әміре!» – деп жазды Заңғар әсерлі сурет астына.

Желі қолданушылары мен жанкүйерлер жас ата-ананы жылы лебіздермен құттықтап,
«Бақытты болыңдар!», «Әміре батыр болсын!», «Ата-ана бақыты ұзақ болсын!» деген тілектерін жаудырып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова кенже келіні Индира Мауленнің  анасына керемет тәрбие бергені үшін алғыс айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз