Zoom, Snapchat, Amazon және басқа да қызметтер дұрыс істемей тұр

Жарияланды 20 Қазан 2025 14:40

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Amazon Web Services (AWS)  / фото: REUTERS/Anushree Fadnavis
Amazon Web Services (AWS)  / фото: REUTERS/Anushree Fadnavis

20 қазанда таңертең Amazon Web Services (AWS) қызметі дұрыс істемей, оның әсері басқа да көптеген танымал сервистерге әсер етті. Олардың арасында Zoom, Snapchat, Roblox және басқа да стартаптар платформалары бар. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.

Басылым мәліметінше, мыңдаған қолданушы қызметтің дұрыс істемей тұрғанына шағымданып үлгерген. Арыздар түрлі елдерден түсіп жатыр. Артынша Amazon компаниясы да осындай ақау барын растады. AWS бірнеше сервис істен шыққанын, оларды біртіндеп қалпына келтіріп жатқанын мәлімдеді.

Amazon Web Services (AWS) – бүкіл әлем бойынша мәліметтерді сараптау орталықтары үшін 200-ден астам сервис ұсына алатын cloud жүйе. Ірі корпорациялар, үкімет мекемелері, миллиондаған клиент, соның ішінде ірі стартаптар осы жүйенің қызметін пайдаланады. Виртуалды IT-инфрақұрылым істен шықса, соның қызметін тұтынатын платформалар да жұмыс істемей қалады.

Сондай-ақ оқыңыз